+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жаңа заң жобасы АХҚО юрисдикциясын кеңейтеді - Асқар Мамин

2019 жылғы 20 тамыз 11:55
Бөлісіңіз:
Жаңа заң жобасы АХҚО юрисдикциясын кеңейтеді - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің қазіргі нәтижелері мен перспективалары туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, ҚР бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 3,6 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталып тынды Алматы облысының тұрғындары жол және мүлік қауіпсіздігіне алаңдаулы СҚО-да кәсіпкерлер бизнес-омбудсмен Болат Палымбетовпен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұлттық инвестициялық реформаның маңызды құрауыштарының бірі және еліміздің экономикалық өсімін жеделдетуге бағытталған. АХҚО бизнесті шетелдік инвестициялармен қамтуда және капиталға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

АХҚО аумағында әлемдік қаржы құрылымдарының озық тәжірибелері ескерілетін ерекше құқықтық режим әрекет етеді.

Еліміздің қаржылық платформасын одан әрі дамыту мақсатында, атап айтқанда қаржы орталығының құқықтық юрисдикциясын дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің мүшелері АХҚО туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады.

Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы - инвестордың және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына бірнеше мәрте келу визасын алу мүмкіндігін ұсына отырып, шетелдік жеке тұлғалардың капиталын елге тарту.

Сонымен қатар, заң жобасында АХҚО органдарының еңбек қатынастарын және сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқығы бар екені қарастырылған.

Жаңа заңнамалық бастамалар тартымды инвестициялық ахуал құруға және инвесторлар тарапынан сенім қатынастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

«100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында 2015 жылы АХҚО туралы арнайы Конституциялық заң қабылданып, оның мақсаты, міндеттері мен қызметінің принциптері анықталды. Осы Конституциялық заңға бүгін ұсынылып отырған түзетулер Қаржы орталығының еліміздің негізгі қаржы платформасы ретінде жылдам қалыптасып, дамуына және оның юрисдикциясын инвестицияларды тарту мен қорғау үшін пайдалануға мүмкіндік береді», — дей келе ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин, АХҚО қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT