+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Жаңа вакцинаны үш-төрт ай сынақтан өткізу керек – ДДСҰ

2020 жылғы 14 ақпан 13:27
Бөлісіңіз:
Жаңа вакцинаны үш-төрт ай сынақтан өткізу керек – ДДСҰ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирусқа қарсы қандай шаралар атқарылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы: Бірлігі мықты ел – індетті бірге жеңеді 30 наурыздан бастап Ақтауда бірқатар шектеу шаралары енгізіледі Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы

«Шын мәнінде, вакцина туралы көп сұрақ қойылады және осы аптада 11-12 ақпанда ДДСҰ Женевада ғылыми зерттеулермен айналысатын ірі мемлекеттік және жеке мүдделі тараптардың қатысуымен вакцинаны зерттеу және әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Себебі, әңгіме тек вакцина туралы ғана емес. Әлемде ресурс өте көп. Әрине, вакциналар маңызды, бірақ емдеу ісінің маңыздылығы да одан кем емес. Тағы бір маңызды шара – аурудың алдын алу. Барлық күш-жігерді осы үш маңызды бағыт төңірегінде үйлестіру қажет», - деді Ханс Клюге елордада ҚР ДСМ мен ДДСҰ ынтымақтастығы туралы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әдетте вакциналарды қолдану үшін үш-төрт ай сынақтан өткізу қажет.

«Мұндай вакциналарды қазіргі коронавирустарға қарсы қолдануға бола ма, жоқ па, соны анықтаймыз. Мәселен, атиптік пневмония, Таяу Шығыс синдромы бар. Осындай вирустарға қаншалықты пайдалы болады? (...) Қазір бүкіл әлем ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге тырысуда.

Бағасы туралы айтуға әлі ерте, бірақ донор-елдер бұл процеске белсенді қатысуда. Бірақ біз барлық ақшаның тек вакцина жасауға жұмсалып, емдеу мен алдын-алуға аз қаражат қалғанын қаламаймыз. Мұндай кешенді тәсіл бізге әлі де қажет», - деді Х. Клюге.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT