Жаңа туған нәрестесін әжетханаға тастап кеткен жасөспірім ана сотталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда сәбиін көшедегі әжетханаға тастап кеткен кәмелетке толмаған ана сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелетке толмаған К. сотталушының өзінің жаңа туған баласын өлтіруге оқталу (ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 100-бабы) бойынша іс жабық тәртіппен қаралды

«Сот үкімімен кәмелетке толмаған К. кінәлі деп танылып, оған 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды»,- деді қалалық соттан.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, 25 тамызда түнде қаланың Түрксіб ауданында жаңа туған нәрестені құтқаруға арналған арнайы іс-шара өтті. Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатуновтың айтуынша, сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы хабар берілген. Полицей дәретхана шұңқырынан шақалақты алып шықты.

Кейін Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов батылдығы үшін майор шенін алды.

2022 жылдың қазан айында дәрігерлер баланың жансақтау бөлімінде 12 күн жатқанын және осы уақыт ішінде барлық қажетті тексерулер жүргізілгенін айтты.

Нәресте балалар үйіне жіберілді.


Соңғы жаңалықтар