Жаңа туған ақтөбеліктерді балабақшаға онлайн тіркеп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер электронды үкіметті пайдаланып, балаларын мектепке дейінгі мекемеге онлайн тіркеп, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облыстық филиалы осы жылдың 9 айында 1 миллионнан астам қызмет көрсетсе, оның тең жартысына жуығы элекронды түрде жүргізілді. Мәселен, көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру де қағаз жүзінде емес, электронды негізде атқарылып жатыр.

«Электронды үкімет секторы арқылы 600-ден астам қызмет көрсетіліп, 678 мың кеңес берілді. Ал мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы 406 шақырылымға барып, 14 720 қызмет көрсетті. Дегенмен қызметтің бұл түріне сұраныс азайып келеді. Себебі, ауыл халқының цифрлық сауаттылығы артып, жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылды. Сәйкесінше, қажетті анықтамалар мен кез келген құжатты өздері алып отыр. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін 1418 шақыру болды. Олар барлығы 1772 қызмет түрін алды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз жетекшісі Әсел Мұстафина.null 

Халықтың сауаттылығын арттырып, электронды қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында биыл 500-ден астам мекемеде арнайы семинар өткізілді. Яғни, компьютердің тілін біліп, электронды үкіметтің барлық мүмкіндігін пайдалану үшін 20 538 адам оқыды. Ақтөбе облысы, қала, аудан аппараттарының бөлімдері түгел қамтылып, қала бойынша 80, облыста 100 маман білімін жетілдірді. Барлығы 10 500-ден астам адам мобильді азаматтар базасына енгізіліп, 10 мыңға жуық электронды қолтаңба берілді. Бұл жұмыс аудан, ауылдарда да іске асырылып жатыр. Ірі сауда орындарында түсіндіру жұмыстары жалғасады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы осы жылдың 9 айында 100 акция ұйымдастырып, 130 мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізді. 500-ден астам мекемеге барып, көшелерде арнайы жарнама мен бейнеролик көрсетілді.

«Биыл туу туралы куәлікті онлайн түрде беру, балаларды мектепке дейінгі мекемеге тіркеу және бала күтіміне байланысты жәрдемақы беру электронды түрге ауыстырылды. Барлығы 6 мыңнан астам бала мобильді азамат базасына тіркеліп, 5542 баланың ата-анасына құттықтау хабарламасы түсті. 3500-ден астам бала туу туралы куәлігін, 1735 бала мектепке дейінгі ұйымға тіркелу нөмірін, 417 ана бала күтіміне байланысты жәрдемақыны онлайн түрде алды», - деді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз жетекшісі Әсел Мұстафина.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арналған Жолдауында Қазақстанда 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын, 2020 жылы 90 пайызын электронды форматқа көшіруді тапсырды.  

Соңғы жаңалықтар