+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

«Жаңа толқын» байқауының қазақстандық қатысушысына Ресейге кіруге рұқсат берілді

2020 жылғы 28 қыркүйек 23:12
Бөлісіңіз:
«Жаңа толқын» байқауының қазақстандық қатысушысына Ресейге кіруге рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Детская новая волна» байқауының қазақстандық қатысушысына Ресейге кіруге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе ҚР СІМ мен Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінің күш-жігерінің арқасында өз шешімін тапты. Кеше «Детская новая волна» халықаралық байқауының финалисі Аружан Ардақ анасы Гүлжан Сабыкеновамен бірге Мәскеуге келді. Алайда, шақырудың бар екеніне қарамастан Ресейге Түркия арқылы транзитпен келуіне байланысты қолданыстағы ережеге сәйкес елге кіруге негіз болмағандықтан анасы мен қызын Ресей аумағына кіргізбеді.

«Қазақстандық дипломаттардың айтарлықтай күш-жігерінің нәтижесінде Аружан Ардақ шекарадан өтті және біз оған алдағы конкурста шын жүректен сәттілік тілейміз. Біздің ресейлік әріптестерімізге осы мәселеде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар, бұл жағдай ерекше жағдай екенін еске салғымыз келеді. РФ Үкіметінің 16 наурыздағы №635-р өкіміне қосымшаға сәйкес, Қазақстан азаматтары мен ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтардың Ресейге шектеусіз кіруі тек әуе өткізу пунктері арқылы және Қазақстаннан тікелей әуе рейстерімен ғана мүмкін екенін тағы да еске саламыз» дейді ведомстводан.

Қазақстаннан басқа елдерден Ресейге келу осы елдердің тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін. Ресейге әуе сапарын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеру қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT