«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауында қазақстандық 10 жасар әнші жүлделі орын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалар арасында өткізілген «Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Мұхаммедәлі Жүгінісов үшінші орын алды. 10 жасар әнші Сейдолла Бәйтерековтың әйгілі «Әлия» әнін орындап, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Игорь Крутой бастаған қазылар алқасына ресейлік және әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары Филипп Киркоров, Лев Лещенко, Нюша және Алессандро Сафина кірді. Кәсіби мамандардан басқа қатысушылардың өнерін балалардың ата-аналары да бағалады. Олардың қойған бағалары бас төрешілердің баллдарына қосылды. Мұхаммедәлі «Аялаған Астана» фестивалінде жеңіп, жасөспірімдер арасында өткізілетін ең үлкен музыкалық конкурс - «Жаңа толқын-2014» жарысында ел абыройын қорғауға мүмкіндік алған болатын, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен. Жас орындаушының вокалдан ең алғашқы ұстазы анасы - Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, әкесі - продюсер, ал ағасы Рүстем Жүгінісов қазақстандық «Х-фактор» шоуының қатысушысы. Айта кетейік, жас өнерпаздар арасындағы бұл халықаралық байқау жыл сайын Қырым қаласының «Артек» балалар лагерінде өткізіледі. Биыл онда әлемнің 11 мемлекетінен: Қазақстан, Ресей, Украина, Армения, Израиль, Румыния, Италия, Молдова, Беларусь, Латвия және Грузиядан келген 17 талапты жас өрен бақтарын сынады.

Соңғы жаңалықтар