+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Жаңа технологияларды енгізген машина жасаушыларды мемлекет қолдайды - форум

2018 жылғы 21 қыркүйек 12:46
Бөлісіңіз:
Жаңа технологияларды енгізген машина жасаушыларды мемлекет қолдайды - форум

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі өнім экспортын арттыратын машина жасау кәсіпорындарына мемлекеттік қолдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде Үкіметтің тапсырмасы бойынша Машина жасаушылар одағымен бірлесіп, 2019-2030 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасы әзірленді.

Оның мақсаты - отандық машина жасау саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ішкі нарықты қазақстандық өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорт деңгейін көтеру.

«Жоспар аясында қолдаудың қаржылық шаралары да қарастырылуда. Сонымен бірге, мемлекеттік қолдаудың ұсынылған шараларына жауап ретінде бизнес тарапы нақты көрсеткіштерге жету бойынша міндеттемені өзіне жүктеуі тиіс. Осы орайда бизнес экспортты, еңбек өнімділігін арттыру секілді қадамдарды жүзеге асырады. Мұндай міндеттемелерді алуға, техникалық жаңаруға қаржы салуға дайын және жаһандық нарықтарға шығуға әзір кәсіпорындарға жан-жақты мемлекеттік қолдау жасалады», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадағы EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өтіп жатыр.

Жеңіс Қасымбектің сөзіне қарағанда, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT