Жаңа технология елімізді өркендетуге жол ашады - студент

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы келер жылдың «Жастар жылы» атануы да келешек кілтін ұстағандар үшін керемет мүмкіндік. 

Басты мақсат - жастардың мемлекет дамуына тікілей әсер ететінін түсіндіру, олардың ынта-жігеріне үн қосу. Қызылорда қаласындағы көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі мен А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері «Елбасы Жолдауы - басты бағдар» атты дөңгелек үстелге қатысушылар осылайша ой-пікірлерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа дәуір бізді жаңа технологиямен қуантады. Сол себепті біз бар ынтамызды үздік бағдарламалар мен жаңа дүниелерді үйренуге, ойлап табуға арнауымыз керек. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық жаңалық аша алсақ ол елімізді өркендетуге өз септігін тигізеді. Сол сияқты спорт және туризм саласына да жаңа өзгерістер енгізуді қарастыру керек. Жастарды жігерлендіру, қабілеттерін арттыру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз», - деді көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің студенті Жанарбек Бекарысов.

Жиын соңында студенттер орталық кітапхана қызметкерлерінің арнайы дайындаған «Елбасы Жолдауы - тарихи дәуір бастауы» атты кітап көрмесімен танысты.

Соңғы жаңалықтар