Жаңа тәртіпке сай тауарлар ДСҰ-ның жеңілдетілген мөлшерлемесімен кедендік тексерістен өтеді

None
None
Елімізге Дүниежүзілік сауда ұйымының жеңілдетілген мөлшерлемесімен келген тауарлар қатаң қадағалауға алынбақ, деп хабарлады www.24.kz.

Ол үшін Астананың кіреберісінде жедел топ құрылған. Онда Мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары импорттық тауарларды тасымалдауға рұқсат беретін құжаттарды тексеріп, түсіндіру шараларын жүргізуде. Жыл басынан күшіне енген тәртіпке сәйкес, елімізге жеткізілген тауар Дүниежүзілік сауда ұйымының жеңілдетілген мөлшерлемесімен кедендік тексерістен өте алады. Бірақ бұл жүкті одан кейін ел аумағынан шығаруға рұқсат жоқ. Егер кәсіпкер импортталған тауарды өзге елде саудалағысы келсе, онда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірыңғай тариф бойынша кедендік тексерістен өту керек.

Айта кетейік, Дүниежүзілік сауда ұйымының жеңілдетілген мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тарифінен екі есе төмен.

Соңғы жаңалықтар