+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі

2021 жылғы 8 мамыр 18:37
Бөлісіңіз:
Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру басталды Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы арнайы заң қабылданады - Сенат Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды

«Бүгінгі таңда көктемгі су тасқыны кезінде су тапшылығы мәселелері байқалуда, бұл Үкімет пен қоғамды қатты алаңдатады. Трансшекаралық ынтымақтастықты жүзеге асырумен қатар жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы әзірленуде. Оның негізгі қағидаты елдің су ресурстық әлеуетін сақтау мәселесі болады. Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі деп күтілуде», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында су ресурстарын 2030 жылға дейін басқару жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп жатқандығын айтады.

«Ұлттық жобаның басым бағыттарының қатарына су дипломатиясын нығайту арқылы мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіру, су ресурстарын цифрландыру, есепке алу және мониторинг жүргізу, сондай-ақ суды үнемдеу технологияларын енгізу кіреді», - деді Роман Скляр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT