Жаңа Су кодексі Парламент қарауына қашан ұсынылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Су кодексінің жобасы Парламентке келесі жылдың сәуірінен кешіктірілмей енгізіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа Су кодексі әзірленуде. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Су ресурстарын басқарудың негізгі тәсілдері «су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғау» және су ресурстарына байланысты мемлекеттік жоспарлау болады», - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Серікқали Брекешев Мемлекет басшысының бірыңғай су саясатын қалыптастыру функциясын шоғырландыру жөніндегі тапсырмасы аясында салаға басшылық жасау және жаңа Су кодексіндегі ведомствоаралық үйлестіру Экология министрлігіне жүктелгенін атап өтті.

«Жаңа Су кодексінің жобасы Парламентке келесі жылдың сәуірінен кешіктірілмей енгізілетін болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар