Жаңа салық кодексіне «сән-салтанат салығын» енгізу мәселесі пысықталады – Президент Жолдауы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа салық кодексін әзірлеу кезінде сән-салтанат салығын енгізу мәселесі пысықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осындай ұсыныс айтты.

«Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелер мен қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет.

Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды», - деген Президент бұл салықтың қарапайым халыққа қатысы жоқ екенін баса айтты.

«Ол қымбат жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.





Фото: pictures.dealer.com


Соңғы жаңалықтар