Жаңа ровердің Марсқа қону сәтінің видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) марсоходтың Қызыл ғаламшар бетіне қонған әсерлі видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Perseverance (Персеверанс) ровері тросс арқылы екі метр биіктіктен ғарыш платформасын түсірген, оған видео және фото құрылғылар ілінген: қону сәтін түсіру үшін 7 камера орнатылған.

Ровер қона салысымен Жерге Марстың бетінен суреттер мен басқа да мәліметтерді жібере бастаған болатын.

Perseverance ровері Джезеро кратеріндегі ежелгі өзеннің арнасынан екі шақырым бірнеше күн бұрын қонса да, «ауыр» бейнефайлдар енді ғана алынуда.

Роботтың қону сәтін видео арқылы бақылау – миссияға жауап беретін инженерлер үшін суретті көріп қана қоймай, болашақта басқа да роверлердің қону технологиясын жақсарту үшін маңызды.

Видеоны ВВС сайтынан көруге болады.

Еске сала кетсек, бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды.

Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті –тіршілік белгісін іздеу.


Соңғы жаңалықтар