Жаңа рекордшы ғарышкер әйелдің есімі белгілі болды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Америкалық астронавт Кристина Кук ғарышта ең ұзақ уақыт болған әйелдер бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америкалық Монтан штатынан шыққан 40 жастағы инженер-электрик Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейгпен бірге бастап, 2019 жылдың 14 наурызында Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) болды. Кристина Кук ХҒС-да 288 күн жұмыс істеп, ісін әлі де жалғастыруда. Бұл - ХҒС бұрынғы командирі, әйел-астронавт Пегги Уитсон 2016-2017 жылдары орнатқан алдыңғы рекорд мерзімі.

Кук ғарышта жалпы 328 күнін, яғни 11 айын өткізеді деп болжануда. Айта кетейік, НАСА 2019 жылдың сәуірінде Куктың жарты жылдық ғарыш миссиясын бес айға дейін, 2020 жылдың ақпанына дейін ұзарту туралы жариялаған болатын.

«Бұл алыс ғарышты зерттеу бойынша болашақ миссияларды, сондай-ақ Ай мен Марсқа арналған миссияларды қолдау үшін қажетті ұзақ ғарыштық ұшулардың салдарлары туралы білуге мүмкіндік береді, деп атап өтті НАСА.

Ғарышта болу бойынша әлемдік рекорд бұрынғыша ресейлік ғарышкер, дәрігер Валерий Поляковтың еншісінде қала береді. Ол 1990 жылдары «Мир» ғарыш станциясының бортында жұмыс істей отырып, 15 ай (438 тәулік) болып рекорд орнатқан болатын.

Америкалық астронавтардың ең ұзақ ғарыштық ұшу бойынша рекорды Скотт Келлиге тиесілі. Ол 2015-2016 жылдары ХҒС-да 340 күн өткізген.


Авторы: Сара Қабиқызы


Соңғы жаңалықтар