+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Жаңа рекорд: Алматыда ең үлкен кесе шай тіркелді

2018 жылғы 23 наурыз 01:46
Бөлісіңіз:
Жаңа рекорд: Алматыда ең үлкен кесе шай тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Наурыз мерекесінде Қазақстан рекордтар кітабындағы көрсеткіш жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда биыл да Наурыз мейрамы ауқымды түрде аталып өтті. Түрлі этно мәдени орталықтар, шеберлер мен өнерпаздар жиналған жұртқа мерекелік көңіл- күйді сыйлады. Дәл осы күні Қазақстан рекордтар кітабындағы көрсеткіштер жаңарды.

Арбат алаңында 2000 литрлік сыйымдылықтағы, биіктігі 2,5 метрден асатын 1 кесе сүт қосқан шай дайындалды. Сосын еліміздегі рекордтық ең үлкен кеседен тұрғындарға шай таратылып берілді.

Сонымен қатар, Арбатта әлемдегі ең үлкен құрақ көрпені тігу басталды.

Жоспар бойынша 25 500 шаршы метрлік көрпе 20 қыркүйекке таман тігіліп бітетін болады. Қазір мұндай көрпенің рекорды Португалия ісмерлеріне тиесілі. 2000 жылы олар 25100 шаршы метр көрпе құраған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT