+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылады

2020 жылғы 4 тамыз 09:19
Бөлісіңіз:
Жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты Білім министрі мектеп басшыларын тағайындау мен олардың жалақысын арттыру жайында айтты Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді

«Жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Елдегі санитарлық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Қабылданған шешімге сәйкес, бұл жерде екі ерекшелік бар. Біріншіден, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады»,- деді министр Үкімет отырысында.

Бұл жағдайда ол балалардың тек бір кабинетте бір мұғаліммен ғана оқитынын атап өтті. Үзілістер әртүрлі уақытта болады.

«Сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады. Кезекші сыныптарға өтініштер қолжетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады. Сонымен, алдын ала болжам бойынша интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 млн оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT