+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Жаңа оқу жылында бір оқушыға қанша қаржы кетеді

2019 жылғы 26 тамыз 07:34
Бөлісіңіз:
Жаңа оқу жылында бір оқушыға қанша қаржы кетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдық бағасы қандай? Бір баланы білім ошағына киіндіріп, жіберу үшін қанша қаражат керек. Бұл туралы ҚазАқпарат Almaty.tv сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы бағаның бағдарын білу үшін базарға бас сұқтық. Тауарын тізіп қойған саудагерлерден көз сүрінеді. Барлық мектепке қажетті дүниені осы жерден алып кете аласың. Ұсынылған тауарлар арасында түрлі өндірушілер де бар.

«Түріктердің костюмі үштік. Яғни бізде костюм 8 мыңнан жоғары. Қыздарға арналған костюм 4 киімнен тұрады. Юбка, шалбар, жилетка. Бұл бізде 10 мыңнан жоғары. Өзбекстанның тауары да бар. Сапасы жақсы. Екі шалбардан тұрады, жилеткасы мен пиджагы да бар. Барлығы өте жақсы тұрады. Бізде Қазақстанда осылай тігіп берсе, бағасын қол жетімді етсе өте жақсы болатын еді» , – дейді сатушы Фарида Жанарова.

Гүлмира Құрбанованың саудамен айналысып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Мектепке қажетті құрал-жабдықтың бағасы қазір едәуір төмендеді дейді. Оның айтуынша, шамамен көп тауар құны 20-30 теңгеге жоғарылаған. Ата-ана тек дәптер, қаламсап қана емес, атлас карталар, бастауыш сынып оқушылары үшін бірнеше пәнге қосымша дәптерлерін алу керек.

«Оқушылар күнделігін 400 теңгеден сатып жатырмыз. Тағы бір түрі – 500 теңге. Былтыр да сол баға болған. Биыл да солай. Бағаны қатты көтерген жоқпыз» , – дейді сатушы Гүлмира Қ ұрбанова .

Базардың ішін аралап жүріп, бала-шағасына киім-кешек пен қажетті құралдарын алып жүрген ата-ананы сөзге тартып, бәріне ортақ «бір баланы дайындауға қанша теңге кетеді?» деген сұрақ қойдық.

«Бірінші сыныпқа дайындап жатырмыз. Формасының өзіне бір балаға 50 мың жеткен жоқ. Ол оның өзінде толық емес: костюм, шалбары және екі жейдесі, аяқ-киімі, сөмкесі, болды. Одан қалды, әлі алатын көп дүниеміз көп. Кеңсе тауарының өзіне бір балаға 25 мың кетті. Мектептің беретін тізімімен аламыз» , – деді ата-ана Жансая Молдыжанова.

Жазира Құтпанова биыл екі баласын мектепке дайындап жатыр. Қызы 5- сыныпқа, 3-сыныпқа өтіпті. Оларға мектеп формасын алуда отандық тауар өндірушілерге ден қойыпты. Ал сөмке былтырғыдан қалғанмен жүре береді деп шештік дейді. Осы уақытқа дейін қызы мен ұлының тек қана формасына 70 мың теңге жұмсаған. Әлі тағы құрал-жабдық сатып алу керек деп отыр.

«Кеңсе тауарларын алайын десем, 20-30 мыңдай ақша керек. Сондағы алатынымыз қалам, дәптері, күнделік қана» , – дейді ата-ана Жазира Құтпанова.

Отандық тауар өндірушілері ұсынатын мектеп формасы 15 мың теңгеден жоғары. Олар өз өнімдерін қалада арнайы ұйымдастырылған мектеп жәрмеңкесінде саудалап жатыр.

«Бұл – қыздарға арналған топтама. Мұның ішіне пиджак, жакет және шалбары кіреді, бағасы – 21500 теңге. Егер юбкамен алатын болса, 20500 болады. Ал жоғары сыныптарға арналған костюм 24 мың болады» , – деді сатушы Әйгерім Назар .

Кеңсе тауарының сан алуан түрін ұсынатын компанияда дәптер 20 теңгеден саудаланса, базарда оны 15 теңгеден алуға болады. Ал, бірақ күнделік бағасы дүкен сөресінде едәуір төмен. Балалар тауардың түр-келбетіне қарап, қымбатын қаласа, ата-ана ең алдымен оның сапасына мән беретіні белгілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT