+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

2020 жылғы 4 тамыз 10:56
Бөлісіңіз:
Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теледидар арылы сабақтар «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» телеарналарынан көрсетіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық оқушыларға 24,5 мың компьютер мен ноутбук сатып алынуда Атырау облысының мектептеріне планшеттер жеткізілді Студенттерден курсты аяқтаған кезде өткізуі тиіс кету қағазы талап етілмейтін болады

«Көктемдегі тәжірбиеге сәйкес біз телесабақтарды да әзірлеудеміз. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп осы арналармен қамтылу картасы дайындалды. Соның негізінде 604 елдімекенде осы каналдарға қол жетпейтіні анықталды, бірақ оның 314-інде ғана оқушы бар. Бұл мәселе жергілікті телеарналарға ретрансляциялау, спутниктік антенналар орнату арқылы шешіледі.

Сонымен қатар ол оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Оқулықтардың электрондық нұсқасы оқушылар мен мұғалімдерге QR-кодтар арқылы қолжетімді болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылатынын айтты.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында колледж студенттерінің білім алу тәртібі түсіндірілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT