USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Жаңа оқу жылы мектеп қабырғасында басталады деп үміттенеміз – Асхат Аймағамбетов

2020 жылғы 12 мамыр 12:32
Бөлісіңіз:
Жаңа оқу жылы мектеп қабырғасында басталады деп үміттенеміз – Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім саласын цифрландыру, қашықтан окытуды жетілдіруге қатысты Президент міндеттеген тапсырмалар орындалады.

Ұқсас жаңалықтар
Шаттық Өтебалиева: Мықты ұрпақ – ел ертеңінің кепілі Үшінші тоқсан басталғаннан бері 145 оқушы коронавирус жұқтырды-Ақмола облысы Биыл Теміртауда апатты жағдайда тұрған бірқатар оқу орындары жөндеуден өтеді

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше мемлекеттік комиссия отырысы кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына қатысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясындағы жұмыстар басталды. Оқу жылы 25 мамырға дейін қашықтан оқу форматында болады. Білім бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, цифрландыру мәселесі, қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру және тағы да басқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министр жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталатынына үміт білдірді.

«Жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады деп сенеміз. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен қоса жұмыстар жүргізетін болады. Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Мектепті балаларымыз да сағынды, ата-аналар да соны қалайды. Педагогтар де мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз, әрине, сондай жақсылыққа сеніп, дайын болуымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен осындай жағдай қайталанбайтын сияқты болмау керек. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT