Жаңа нысандар салу үшін Мыңжылдық аллеясындағы барлық саяжайды бұзамыз - әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың әкімі Бақыт Сұлтанов құрылыс жұмыстарының төмендеуіне себеп болған мәселелерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері 495 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Былтыр осы уақытта 763 мың шаршы метр салынған.

«Бұның біраз обьективті себептері бар. Себебі өткен жылдары құрылысшылар өз нысандарын бос жерлерде салған болатын. Қазір жерді саяжайлардан босату және тағы басқа жұмыстар көп. Биыл Мыңжылдық аллеясындағы барлық саяжайды бұзамыз. Қазір жаңа жерлерді босатып, құрылыс жұмыстарын пысықтап отырмыз. Біз жыл соңына дейін 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үйді қосуды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ қосымша жұмыстың арқасында шамамен 2 миллион шаршы метрді пайдалануға береміз деген жоспар бар», - деді Б.Сұлтанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Әкім онлайн режимде есеп берді.

Айта кетейік, Мыңжылдық аллеясы қаланың жаңа ауданында орналасқан. Аллеяның жалпы ұзындығы - 5,5 шақырым. Соның бойымен тұрғын үйлер, бизнес орталықтар мен сауда орындарын көптеп салу жоспарланған. Осы ауданда жаңа теміржол вокзалы да орналасқан.

Соңғы жаңалықтар