+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Жаңа нысандар бос тұрмауы керек– Бердібек Сапарбаев

2020 жылғы 25 ақпан 23:12
Бөлісіңіз:
Жаңа нысандар бос тұрмауы керек– Бердібек Сапарбаев

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа нысандар салу мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Тараз қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді Өмірзақ Шөкеев мердігерлерге құрылысқа қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды Елде құрылыс материалдарына сұраныс өте жоғары – Асқар Мамин

Аймақ басшысының айтуынша, Тараздағы барлық бастамалар мен игі жобалар жалғасын табады. Алайда, құрылыс жүргізуде тек бюджет қаражатына сенім артуға болмайтынын, бұл тұрғыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, бизнес-құрылымдарды белсенді тарту мүмкіндіктерін барынша іздестіру қажеттігі көтерілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жиында Тараз қаласың әкімі Айтқазы Қарабалаев 34 мың тұрғынға арналған шаһардың жаңа 15-ші шағын ауданында жүзеге асатын жобалар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Онда 8 мәдени-спорттық нысан, сондай-ақ, 17 гектарда саябақ құрылысы жүргізілмек.

Жиында Таразға салтанат залы, неке қию залы, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждер сияқты нысандардың қажеттілігі айтылды. Алайда олардың құны, тиімді пайдалану мен құрылыстарының сыртқы келбетіне қатысты ойланатын мәселелер жоқ емес.

«Егер кейін падаланусыз, бос тұратын болса, жаңа нысандарға миллиардтаған теңге салып не ұтамыз? Ал, Тараздың кейбір көшелерінде жарық жоқ, бірқатар жолдар мен тротуарлар жөндеуді қажет етеді. Осыған да көңіл бөлгеніміздұрыс сияқты», - деді Б. Сапарбаев.

Аймақ басшысы қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа шаһардағы жарықтандырусыз және жөндеуді қажет ететін көшелердің тізімін жасақтап, ол үшін уақыт созбай жобалық сметалық құжаттамаларды дайындай беруді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, жаңа шағын аудандардың құрылысы кезінде тұрғын үй кезегіне талдау жүргізу қажет. Кезекте тұрғандардың сұранысы 1 бөлмелі немесе екі, үш бөлмелі пәтер болатын болса, оны ескерген жөн. Құрылыс жұмыстарын жүргізуде жергілікті өнімдерді барынша пайдалану және тұрғын үй құнының төмендету міндеттері негізге алынбақ.

Бердібек Сапарбаев Оқушылар сарайын салу, саябақтар мен скверлерді реттеу, жаяу жүргіншілер алаңдары мен велосипед жолдарын салу, Мамыр саябағын қайта жаңғырту идеяларын қолдады. Аудан орталықтарын абаттандыруға көңіл бөлді.

Жиынды қорытындылай келе облыс әкімі осыған ұқсас нысандары бар өңірлердің тәжірибесін зерделеуге, жоба құны мен сапаға айрықша мән беруге, жаңа жобаларды әзірлеуде жергілікті ерекшеліктерді ескеруге шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Әкім, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT