Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынатын өңір қашан анықталады

2018 жылғы 21 мамыр 11:04 110
Бөлісіңіз:
Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынатын өңір қашан анықталады

АСТАНА. ҚазАқпара - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев төртінші мұнай өңдеу зауыты орналасатын өңір биыл күзде жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

«Менің ойымша, зауыттың орналасатын жері, оның қуаттылығы, салынатын инвестициялар көлемі, өндірілетін өнімі бойынша сұрақтарға күзге қарай жауап беруге дайын боламыз», - деді министр Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағаты барысында.

Қ. Бозымбаев қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылғанын еске салып өтті. Жұмыс тобы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажеттігін айтқан болатын.   

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT