Жаңа мектептің ашылуы жеткіншек ұрпақтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түседі - А.Халелов, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана ғұмырлы», деп атап өткеніндей, біз күнбе-күн дағдарысқа қарсы амал-айла жасай отырып, осынау қастерлі ұғымдарды естен шығармауымыз қажет.

Соның ішінде жеткіншек ұрпақтың тәуелсіз ел талаптарына сәйкес білім мен тәрбие алуы ұдайы назарда бола береді. Бұл туралы Шыңғырлау ауданының әкімі Алдияр Халелов мәлім етті.

Оның айтуынша, ауылдың үлкен-кішісіне, алыстығына қарамай, барлық жердегі шәкірттерге бірдей жағдайдың жасалуы аса маңызды. Бұл ретте Тәуелсіздік күніне орай аудандағы шалғай елді мекендердің бірі - Алмаз ауылдық округіндегі Сегізсай ауылында 48 орындық жаңа мектептің ашылуы ерекше қуаныш болды. Оған сол елді мекеннің үлкен-кішісі бірдей жиналып, бұл да тәуелсіздік жемісі екендігін атап өтті. Айта кетейік, өткен ғасырдың орта тұсында салынған ескі мектеп құлаудың шақ алдында тұрды. Ауыл тұрғындары көтерген мәселе облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тарапынан да қолдау тауып, мектеп құрылысы 2014 жылдың жоспарына енгізілді. Бюджеттен 152 млн. астам теңге бөлініп, бас мердігер «АжАс-Строй» ЖШС жұмысты 21 шілдеде бастап, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бітірді. Сөйтіп Елбасымыздың апатты мектептерді жою жөніндегі бір тапсырмасы орындалды.

Құрылыс салынып жатқан кезде ауыл тұрғындары да қарап жатқан жоқ. Мектепті сақтап қалу мақсатында оқушылар санын көбейту үшін бірнеше отбасы патронаттық тәрбиеге бала асырап алды. Бұл бастама осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынып еді, сол жалғасын тауып отыр. Оған қоса асар әдісімен жас мамандарға арналған баспана да салынды.

«Шекаралас аудан болғаннан кейін қай ауылдың да сақталып қана қалмай, жан-жақты дамығаны керек. Ол үшін, әрине, қазіргі заманғы мектеп те қажет. Енді, міне, сегізсайлық оқушылар іші-сырты бірдей келіскен, кең де жарық, жақсы жабдықталған сыныптарда білім алады. Бұл олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, егемен еліміздің өз Отанын сүйетін азаматы болып қалыптасуына мүмкіндік береді», деді А.Халелов.

Соңғы жаңалықтар