Жаңа құрылыс ережесі Алматыны әлеуметтік инфрақұрылыммен кешенді қамтиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында тұрған «нүктелі» құрылыс жағдайын шешу туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмасхан Ахмеджанов ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» әзірленгенін айтты.

Әділет министрлігі 2021 жылдың маусым айында бекіткен құжат «нүктелік» құрылысты тоқтатуға мүмкіндік берді. Алматының бас сәулетшісінің сөзінше, механизм «нүктелі» құрылысты болдырмауға және тиісті әлеуметтік инфрақұрылымы бар аумақтарды кешенді дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Ереже құрылыс салушыларды тұрғын үймен бірге әлеуметтік нысандар салуға заңнамалық түрде міндеттеуге бағытталған.

«Ережеде сондай-ақ жобаларға қойылатын талаптар көрсетілген. Мысалы, құрылыс салушылар халықтың тығыздығын ескеруге, ерекше құрылыстық реттеу аймақтарында, әсіресе тарихи орталықта регламентті сақтауға, көшенің немесе орамның қабаттылығы мен қалыптасқан сәулеттік бейнесін ескеруге міндетті», - деп түсіндірді спикер.

Жаңа ережелер сондай-ақ құрылыс жобаларына қоғамдық талқылаулар өткізуді және қаланың бас жоспары талаптарының сақталуын бақылауды көздейді. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қабылданған ережелерге қарамастан, Алматыда бірқатар нысандар бойынша қоғам қайраткерлері мен құрылыс салушылардың қарсылығы жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеменің артуы халықтың наразылығын тудырады. Қабылданған ережелер даулы мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, шаршы метрді әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға байланыстыру орнатылды. Мәселен, мың адамға міндетті түрде 180 мектеп орны және балабақшаларда 100 орын қарастырылуы тиіс.

«Аула аумақтарында құрылыс салуға жол бермеу үшін бір адамға 10 шаршы метр ауланың нормасы енгізілгені маңызды, оның төрттен бір бөлігі жасыл желектерге бөлінеді. Дауларды болдырмау үшін жаңа ережелерде халықтың тығыздығы тоқсандық құрылыс кезінде 1 гектарға 440 адамнан аспайтын, ал тарихи орталықта бір гектарға 300 адамнан аспайтын есеппен есептелетіні көрсетілген», - деді Алматының бас сәулетшісі.

Сондай-ақ, құжат тұрғын аудандар мен шағын аудандардағы халықтың тығыздығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің ұзын жақтары арасындағы алшақтықтың минималды мөлшерін анықтайды. 3-5 қабатты ғимараттарда-кемінде 20 метр, 10-16 қабаттарда – кемінде 48 метр, ал 17 және одан жоғары қабаттарда қашық 80 метрге дейін артады. Сонымен қатар, ол әкімдікпен соттасатын құрылыс салушылар бар екенін айтты. Ол Абай даңғылындағы 130-үйдің құрылысына қатысты жағдайды мысал ретінде келтірді.

«Әкімдік тұрғындардың шағымдарын назарға алып, ондағы құрылысты тоқтата тұруға шешім қабылдады. Алайда құрылысшы сотқа жүгініп, процесте жеңді. Мамандандырылған ауданаралық қалалық соттың шешімімен құрылыс салушының әкімдікке және нақты басқармаға қатысты талап арызы қанағаттандырылды. 5 қарашасында біздің ведомство сот шешіміне апелляциялық шағым берді. Бүгінде нысанның құрылысы тоқтатылды», - деді ол.

Бас сәулетші олардың ведомствасы жоба алдындағы құжаттаманы беру кезінде жаңа стандарттарды қатаң ұстануды жалғастырады деп уәде берді.


Соңғы жаңалықтар