Жаңа құрылыс ережесі: Алматы аудандарын көгалдандыру ерекше назарда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында құрылыс жүргізушілерге жаңа құрылыс ережелеріне байланысты қандай шарттар ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа құрылыс ережелерінде мегаполис аудандарын көгалдандыруға ерекше назар аударылған.

«Жаңа ереже бойынша кез келген кварталды көгалдандырудың жалпы аумағы бір адамға шаққанда кемдегенде 10 шаршы метр, ал құрылыс алаңында білім беру мекемелері қадамдық қолжетімді, мысалы, мың адамға шаққанда мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде кемінде 100 орын, ал мектептерде кемінде 180 орын болуы тиіс», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Жаңа ереже бойынша құрылыс жобалары қоғамдық талқылаудан өтуі және республика аумағында қолданылатын нормативті-техникалық талаптар әрі қаланың бас жоспары мен құрылыс жүргізу барысында сейсмикалық шағынаудандыруды ескеру талаптары сақталуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар