Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқарады - Жарлық

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілеттігін доғарды. Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған Президент Жарлығына сілтеме жасап.


***

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

2023 жылғы 29 наурыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 29 наурыз

№ 158


Соңғы жаңалықтар