Жаңа компьютерлік вирус сан мыңдаған құрылғыларды бүлдіре алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар жүздеген мың электрондық құрылғы, қосымшалар мен қызметтерді істен шығара алатын жаңа компьютерлік осалдықты анықтады.

Қауіптің қаншалықты күрделі екені әзірге белгісіз. Кейбір сарапшылар оның апатқа әкеліп соқтыратынын шамалап та отыр. Ал бір бөлігі қауіптің жолын кесуге болатынына сенімді.

Google сарапшылары өз блогында бұл проблеманы былайша суреттеді. Арам ойлылар барлық жерде іске қосылып отырған компьютерлік кодтың көмегімен пайдаланушылардың құрылғыларына бақылау жасай алады. Проблеманы glibc-те анықтаған, бұл ғаламторға қосылатын құрылғыларда пайдаланылатын түрлі кодтардың базасы.

Бұл код болса, бағдарламалаудың көптеген тілдерінің, мысалы PHP немесе Python негізінде жатыр. Бұл бірқатар сайттар мен сервистерге әлеуетті қауіп төндіріп отыр - хакерлер әлемдік виртуалдық жүйелердің айтарлықтай бөлігін бұзып немесе оларға бақылау жасай алады.

Google-дің инженерлері Red Hat-тағы қауіпсіздік мамандарымен бірлесіп проблеманы шеше алатын бағдарламалық қамтуды әзірлеп шығарды.

Проблема, бұл кодты қанша жүие мен құрылғының пайдаланып отырғаны, яғни қаншасына қауіп төніп тұрғаны белгісіз болуында. Бұл кітапхананы пайдаланбайтын Android базасындағы құрылғылар ғана қауіпсіздік аймақта қалып отыр. Сондай-ақ Windows пен OS X операциялық бағдарламаларына да қауіп төнбеуде.

Соңғы жаңалықтар