Жаңа кезеңді биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастаған абзал - ҚР Президенті

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жаңа кезеңді биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастаған абзал.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы - елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы. Біз мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басу арқылы ел дамуының жаңа кезеңіне кіреміз. Бүгінде 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың Стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Ғасырлық мәні бар бұл жоба бізге жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді.Оның үстіне, болашақтың не ұсынарын болжап білу қиын. Көптеген елдер дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда. Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал», - деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар