26.04.2023 14:24 Азаматтардың мүмкіндіктерін жүйелі түрде кеңейтіп келеміз – депутат АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Альберт Рау Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында елдегі саяси реформалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.04.2023 13:36 Жастар қозғалысы Астана дүкендерінде рейд өткізіп жүр АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа Адамдар» жастар қолғалысының белсенділері Астана қаласындағы азық-түлік дүкендері кәмелет жасына толмаған балаларға ішімдік сатуға болмайтыны туралы заң талабын қаншалықты орындап жүргенін тексеру үшін рейд бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.03.2023 18:42 Астанада «Жаңа Қазақстанды» құру векторлары талқыланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада «Қазақстан трансформациялар тоғысында» атты кезекті SöZ Astana Public Talk өтті. Жиын қонақтары – танымал ресейлік жазушы, саяси журналист, «Дождь» телеарнасының бас редакторы Михаил Зыгарь мен қазақстандық тарихшы және саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.02.2023 15:11 Үндеме, тыныш отыр: Баланың талабын шектейтін тыйым сөздердің тізімі жасалды АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа адамдар» қозғалысы психолог Зарина Кенжеқармен бірге баланың талабына тұсау салып, қиялын шектейтін тыйым сөздердің тізімін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.02.2023 10:30 «Жаңа адамдар» қозғалысы «Жаңа Қазақстанның» жаршысына айналмақшы АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада білім алып жүрген бір топ жас «Жаңа Қазақстан» бастамасына үн қосу үшін «Жаңа адамдар» деген ұйым құрған болатын. Бүгінде құрамына 250 жас топтасып үлгеріпті. Белсенді топтың өздерін «Жаңа адамдар» деп айрықша атайтындай қандай ерекшелігі бар екенін білу үшін аз-кем сұхбат құрған едік.
30.01.2023 16:20 Жаңа Қазақстан құндылықтарын көрсететін балаларға арналған кітапшалар шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы жаңа Қазақстан мен ондағы тұрғындардың ең асыл құндылықтары туралы балаларға арналған боямақ кітапшалар шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.01.2023 14:15 Абзал Құспан Қаңтар оқиғасы қайталанбауының жалғыз жолын атады АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан концепциясын іске асыру Қаңтар сияқты оқиғалардың болашақта қайталануын болдырмаудың жалғыз жолы. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.12.2022 10:00 Референдумнан кейін Қазақстанды не күтіп тұр – плебисцит жайлы бес сұрақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдум еліміздің қоғамдық–саяси өмірінде 2022 жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі болғаны сөзсіз. Онда халқымыздың басым бөлігі Конституциямызға өзгерістер енгізуді жақтап дауыс берді. Осы оқиғадан соң елде қандай өзгерістер болды? ҚазАқпарат сарапшысы өз материалында Референдум жайлы ең өзекті бес сұраққа жауап беруге тырысты.
21.12.2022 22:14 Экономика министрі жаңа экономикалық саясаттың басымдылығын атады- Jibek Joly АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты шағын және орта бизнес пен ауылдарды дамытуға бағытталады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Jibek Joly» телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджанның «JJ Talk» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.11.2022 11:40 Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс - Мемлекет басшысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Бұл туралы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 13:17 Саяси партиялар қызметін дамытудың бәсекелестік мүмкіндіктері кеңейтіледі - Сенат АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 12:22 Президенттің өкілеттік мерзімін қысқартуды көздейтін заң қабылданды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.10.2022 11:50 Биылғы 9 айда Президентке 41 мың өтініш түскен, әр төртіншісі құқық қорғаушылар мен сотқа қатысты ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Биылғы 9 айда Президенттің атына 41 мың өтініш түскен, әр төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесуінде бұл жайт құқықтық реформаны жалғастырудың маңыздылығын көрсететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
28.09.2022 19:23 Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
28.09.2022 19:09 «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау»: негізгі шаралар белгіленді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында 2 ұлттық жоба қаралды. Соның бірі – «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау», деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
28.09.2022 18:54 Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы қаралды АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
28.09.2022 18:53 Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың әлеуметтік мәні зор - Тоқаев АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
28.09.2022 18:48 Оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет- Мемлекет басшысы АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұғалімдерді даярлау жүйесі және оқу бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорға сілтеме жасап.
28.09.2022 18:47 Жер мен инфрақұрылым мәселесінде әкімдердің ақталатын реті жоқ - Президент АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы құрылысы басталатын мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
28.09.2022 18:45 Президент Samruk-Kazyna Construction-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы ұсынысты қолдады АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында бюрократияны азайту, нақты мәселелердің шешілуін созбалаңға салу проблемасын реттеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.