Жаңа Қазақстан деген мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңғырту деген сөз - Президент

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Жаңа Қазақстанның не екенін түсіндіру ерекше маңызды. Әр азаматтың бұған қатысты өз пайымы бар екені түсінікті. Мен бұған дейін айтқанымдай, Жаңа Қазақстан дегеніміз бұл - Әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз деп мен тағы да айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Жаңа Қазақстан – бұл жылдам құбылмалы әлемде біздің жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын жол.

«Жаңа Қазақстан түсінігінің өзін бұлғақтатуға мүлдем болмайды. Бізде мұндай әдет бар», – Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар