Жаңа Қазақстан әділеттілік аймағына айналуы тиіс - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Қазақстан әділеттілік аймағына айналуы тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа Қазақстан әділеттілік аймағына айналуы тиіс. Ол үшін заңның әріпін ғана емес, рухын да сақтау қажет. Заң бұл - догма емес. Олар жетілдірілуі тиіс және мұнда бүкіл Парламенттің және де әрине, Ассамблеяның рөлі үлкен. Заңдар азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу үшін жетілдірілуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент алға серпіліс жасау үшін сәтті кезеңді күтудің қажеті жоқтығын, қазірден-ақ кідірместен әрекет жасау керектігін баса айтты.

«Еліміздің теңдесіз байлығы әрі өзгерістердің басты қозғаушысы бұл - адамдар, біздің азаматтарымыз. Сондықтан әрбір азамат өзінен бастауы тиіс. Ортақ іске барлық азамат жұмылмай мемлекеттік аппарат не болмаса қандай да бір саяси шешімр мен экономикалық тетік біздің елді жаңарту мақсатымызға жеткізе алмайды. Жаңа Қазақстанды құру үшін бізге дербес және қоғамдық құныдылықтар жүйесін толығымен қайтадан форматтау талап етіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар