+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: Жолаушы пойыздары жалпы вагонсыз қатынайды

2021 жылғы 10 қыркүйек 16:45
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: Жолаушы пойыздары жалпы вагонсыз қатынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерлі Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша жолаушы пойыздарына жататын орны жоқ жалпы вагондарсыз қатынауға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында биыл 1300-ден астам адам ревакцинациядан өтеді Коронавирус: Алматыда «омикрон» штамы анықталған жоқ Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 227 адам ауырып жатыр

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын», - деп жазылған жаңа қаулыда.

Сондай-ақ, құжат бойынша облыстарда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында осы қаулымен бірге берілген №1 және №2 қосымшалардағы тізімге енбеген объектілердің қызметін де қайта бастау тапсырылған. Қаулыда бұдан былай шектеу шараларын қатаңдатуға құзыретті органдардың санаты да берілген.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы», - деп жазылған.

Ал облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлеріне «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығы берілмейтін болды.

Қаулы 13 қыркүйек күні сағат 0.00-де күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT