Жаңа қаулы: Түркістан облысында карантин жеңілдеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдеді. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының аумағында Сovid-19 бен вирусты пневмонияның алдын-алу мақсатында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №8 Қаулысына өзгерістер енгізілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес, бұған дейін тыйым салынған балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Ойын алаңдары, жабық үй жайлардағы аттракциондар келетін адамдар саны ғимарат сыйымдылығының 30%-нан немесе 50 адамнан аспаған жағдайда сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Спорттық іс-шаралар онда келушілер саны ғимарат сыйымдылығын 20%-нан аспаса, бильярд, боулинг және компьютерлік клубтардың (толтырылуы 30% артық емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Жұмыс уақыттарына шектеу қойылған азық-түлік гипермаркеттер, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, моншалармен сауналар, ашық ауадағы аттракциондар, бизнес-орталықтардың (адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардар (қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін ұзартылды. Мейрамханалардың банкет залдарында ас беруге рұқсат етілді. Дегенмен толтыруылуы 50%-ға дейін, 50 орындықтан аспау қажет.

Бұған дейін мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері 50% жұмыс істесе енді 30%-ы қашықтан істейді.

Мәдениет объектілерінің (бұрын 30) 50 адамға дейінгі жеке, топтық дайындықтар, кітапханалардың, мұражайлардың қызметі, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялардың қызметі толымдылығы 20%-ға дейін болса, жаңа Қаулыға сәйкес толымдылығы 30% болады.

Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін болады.

Сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғанын құжатпен растаған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат етіледі.


Соңғы жаңалықтар