Жаңа қаулы: Шығыс Қазақстанда автобустар күн сайын жүретін болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көлік аптаның барлық күндері қатынайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 21 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Қалалар мен аудандардағы объектілер өз қызметін «сары аймақ» үшін көрсетілген талаптар негізінде жалғастырады. Жұмысшылар арасында COVID-19 инфекциясының таралу қаупін азайту мақсатында вакцина алмағандарға және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері барларға ПТР-тестілеу жүргізілуі тиіс. Нақты айтқанда, вахталық әдіспен жұмыс істеп, кәсіпорын аумағынан жүйелі түрде шығып отыратындар 7 күнде 1 рет, ал вахтадан белгілі бір кезеңге дейін шықпайтындар келесі кезегі келгенге дейін және вахтадан шығар алдында 5 күн бұрын сынама тапсыруға міндетті», - делінген құжатта.

Сондай-ақ қаулыда жазылғандай, қалалар мен елді мекендер ішінде қоғамдық көлік аптаның барлық күндері қатынайды.


Соңғы жаңалықтар