+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: ШҚО-да үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді

2021 жылғы 27 қыркүйек 21:10
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: ШҚО-да үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында үйірмелерге 15 баладан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді Жаңа қаулы: Pfizer вакцинасы кімге, қалай, қашан салынады Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады

ШҚО ,ас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Онда жазылғандай, бүгінде өңірде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толу деңгейі – 17,7%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,974.

«Медициналық-әлеуметтік объектілердің және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. Алайда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. Секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары келушілер арасындағы қашықтықты сақтау шартымен жұмыс істейді. Сондай-ақ бір топта 15 баладан аспауы керек», - делінген құжатта.

Арнайы білім беру ұйымдарының да (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары) жұмысына рұқсат берілген.

Сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT