Жаңа қаулы: ШҚО-да тамақтану орындары қалай жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Бас санитар дәрігері «жасыл» және «сары» мәртебесі бар елді мекендердегі нысандардың жұмыс режимі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта коронавирустың таралуына байланысты эпидемиялогиялық жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақта, ал Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы «сары» аймақта тұр.

23 мамырдан бастап облыстың Бас санитар дәрігерінің нысандар жұмысын реттеуге қатысты жаңа қаулысы күшіне енеді. Осыған орай онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев шектеулер мен жеңілдіктер туралы түсіндіріп өтті.

«Өскемен, Семей шаһарлары мен Аягөз ауданынан басқа қала-аудандарда жабық мекемелерде, діни объектілерде, келушілерді 100 адамнан, жалпы толтырылуын 30 пайыздан асырмай ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат етіледі. Қоғамдық тамақтану орындары түнгі сағат 02.00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар бильярд, боулинг орталықтарының, ойын клубтарының, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен жабық аттракциондардың жұмысына рұқсат берілген», - деді ол.

Ал «сары» аймақтағы мейрамханалар мен дәмханалар 24.00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Бірақ жабық мекемелер мен діни объектілерде ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ бильярд, боулинг орталықтары, ойын клубтары, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен жабық аттракциондар әзірге жұмыс істемейді.


Соңғы жаңалықтар