Жаңа қаулы: ШҚО-да мекеме ішінде маска тағу міндетті емес

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мекеме ішінде маска тағу міндеті алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша мекеме ішінде маска тағу міндеті алынып тасталды.

«Облыстағы объектілер өз қызметін «жасыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асырады. Енді маска тағу талабы алынып тасталды. Тек медицина мекемелеріндегі қызметкерлер, пациенттер мен келушілер үшін міндетті. Ал көпшілік жиналатын орындарда, қоғамдық көліктер мен ұшақтарда маска тағу ұсыным сипатында қалдырылды», - делінген құжатта.

Бүгінде облыста CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 3,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,956.


Соңғы жаңалықтар