Жаңа қаулы: ШҚО-да карантиндік шектеулер 19 маусымға дейін ұзартылды
2021 жылғы 4 маусым 20:48

Жаңа қаулы: ШҚО-да карантиндік шектеулер 19 маусымға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыда Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2021 жылғы 6 маусымнан бастап 19 маусымға дейін шаруашылықпен және өзге де қызметпен байланысты шектеу шаралары ұзартылатыны айтылған.

«Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында көрсетілген мерзімнің ішінде инфекцияның таралу ахуалы өзгеріп жатса, қайта қаралуы мүмкін екені айтылған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT