Жаңа қаулы: ШҚО-да «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар шектеусіз жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар карантин шектеуі жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар «жасыл» және «көк» статусы бар адамдар үшін эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз жұмыс істейді. Ал «қызыл» аймақта – толымдылығы 70%-дан асырылмауы керек.

«Сауда, ойын-сауық орталықтары, бассейндер, түнгі клубтар, караоке-барлар жұмысына қатысты шектеулер алынып тасталды. Сондай-ақ көрме, марафон, спорттық, салтанатты, отбасылық іс-шара (банкет, ас беру), конференция, форум және адам көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге қатысты тыйым алынды. Енді балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер жоқ», - делінген құжатта.

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары, колледждер және жоғары оқу орындары, интернаттар және жатақханаларға балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдеріне «жасыл» немесе «көк» статус болған жағдайда кіруге рұқсат берілді.


Соңғы жаңалықтар