Жаңа қаулы: ШҚО-да адам көп жиналатын шараларға тек «жасыл» статуспен кіргізеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында адам көп жиналатын шараларға тек «жасыл» статуспен баруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңірдегі объектілер өз қызметін «жасыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады.

«13 желтоқсаннан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, театр, кинотеатр, концерттік залдар, филармония, цирк және компьютер клубтарында, көпшілік жиналатын шараларда персоналдар мен келушілер «жасыл» статус болған кезде ғана ішке кіре алады. Мәдени нысандарда «жасыл» статусы бар адамдарға дайындық (репетиция) өткізуге шектеусіз рұқсат берілген», - делінген құжатта.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар