+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды

2021 жылғы 20 қыркүйек 17:49
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша ғимараттарды корпоративтік шара өткізу үшін жалға алуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Pfizer вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90% тиімді Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

«Жабық ғимараттар мен ашық орындарда банкет, үйлену тойы мен мерейтойлар, митингтер, шерулер, көрмелер мен конференциялар өткізуге, жеке үй жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салынсын», - делінген жаңа қаулыда.

Сондай-ақ, қаулы бойынша, караоке, кальян, букмекерлік кеңсе, бильярд, ойын және копьютерлік клубтардың, түнгі клубтар мен боулинг орталықтарының қызметіне тыйым салынды.

Қаулы қол қойылғаннан бастап күшіне енеді. Құжатты мына сілтеме бойынша көруге болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектелсін. Бұл ретте ұйымдарың екпе алмаған қызметкерлеріне 7 күнде бір рет ПТР-тесті тапсыруға міндеттелсін», - деп жазылған қаулы мәтінінде


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT