Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда автобустар жексенбіде де қатынайтын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша алдағы жексенбіден бастап қоғамдық көліктің демалыс күндерінде де қатынауына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қыркүйектен бастап жексенбі күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, қалалық қоғамдық көліктің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру міндеттеліп отыр.

Ал халық ең көп қатынайтын қарбалас кездерде («пик» сағаттарда) автобус санын көбейту тапсырылды.

«Соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі шарт», - делінген жаңа қаулыда.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.


Соңғы жаңалықтар