Жаңа қаулы: Қазақстан 6 мемлекеттің вакциналау паспортын мойындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен 6 бірдей мемлекеттің вакциналау паспорты Қазақстан аумағында жарамды болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация (паспорттары, сертификаттары, анықтамалары) Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған құжатта.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды.

«Жалпы қазір көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Мысалы, бүгінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді. Осындай елдердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр», - деген болатын Дастан Рыспеков.


Соңғы жаңалықтар