Жаңа қаулы: Қарағандыда жексенбі күні автобустар жүре бастайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сай кейбір карантин шектеулері алып тасталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сай, балалар үйінен сәби асырап алмақ ниеті бар әлеуетті-ата аналарға бұл мекемелерге баруға рұқсат етіледі.

Алайда олар рұқсат берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар ұлттық алдын алу механизмі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы теріс нәтижесі бар, берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде баруға рұқсат етіледі.

Бұдан басқа, COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) мынадай ұйымдардың/объектілердің қызметкерлері үшін:

– қызмет көрсету жөніндегі объектілерді (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттер, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу сервистері, оргтехника жөндеу, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, маникюр мен педикюрдің, косметологиялық қызметтердің қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер және өзге де объектілер);

- өнімдер мен халық тұтынатын тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) объектілерін, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- мәдениет және демалыс объектілері (мұражайлар, мұражай-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілерді (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және басқалар);

- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтары( ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, үйлер / базалар / демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын, стрит-фудтар;

- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);

- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару бойынша, үй-жайлар мен аумақтарды дезоөңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК, МИБ және басқалар);

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- демалыс объектілерін, ойын-сауық ойын объектілерін (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

- байланыс және телекоммуникация объектілері;

- ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар);

- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, күш құрылымдары және мемлекеттік органдарға күндізгі режимде жұмысқа жіберілуі шектеледі.

Осы ретте:

- жоғарыда көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) екенін;

- соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдар, сондай-ақ «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы №(ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық егулерге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ-ға қарсы вакцинациялауға медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін (қажет болған жағдайда) береді. Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетілетіні ескертіледі.

Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын Қазақстан Республикасы мен облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің санитарлық ережелері мен қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар