Жаңа қаулы: БҚО-да білім беру мекемесіне келушілер «Ashyq» қосымшасына сәйкес кіре алады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 27 тамыздағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, жаңа қаулыға сәйкес 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында санитарлық- профилактикалық іс-шаралар жүргізу тәртібі бекітілді.

Жаңа оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық сипатта оқуға рұқсат берілді.

Сол себепті педагогтар мен қызметкерлер түгелдей вакцина алуы тиіс.

Білім беру ұйымдарына келушілер «Ashyq» қосымшасы арқылы тіркеледі.

Білім беру мекемелерінде маска режимі сақталып, рециркуляторлар, санитайзерлер, тері антисептиктері, дезинфекциялау және жуу құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Басқа да санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 200 мыңға жуық адамның екпе салдырғанын, соңғы аптада 20 адамның коронавирустан қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да коронавирус жұқтырған 1700-ден астам науқас амбулаторлық ем алып жатыр.



Соңғы жаңалықтар