Жаңа қаулы: Әуежайлар мен вокзалдарға қандай талап қойылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша әуежайлар мен вокзалдарға қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қаулыға қоса берілген 11-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақталу керек», - делінген қаулыда.

Аталған қосымшада мынандай талаптар көрсетілген:

1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізу;

2) барлық үй-жайларды жиі желдету;

3) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;

4) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жүргізіледі.

Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптарды:

1) тұрақты медперсоналдың болуы;

2) дезинфекциялық режимнің сақталуын;

3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етуді;

4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;

5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.

4. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі:

1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);

2) әуежай, вокзал ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды;

3) арнайы көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуді;

4) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді;

5) жеке қорғаныш құралдарының, қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;

6) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, бағдар аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;

8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді.

5. Әуежайлар мен вокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттер ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.

Сондай-ақ, құжатта компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге, сұлулық салондары мен шаштараздарға, фитнес қызметін көрсету объектілеріне, спорт кешендерінің қызметіне, мәдениет объектілеріне, қонақүйлер мен отельдерге, банкет залдарының, түнгі клубтардың, караокенің жұмысына, СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне, санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне, қоғамдық тамақтану объектілеріне, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелеріне қойылатын талаптар белгіленген.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.


Соңғы жаңалықтар