+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: Атырауда карантинік шектеулер күшейтілмек

2021 жылғы 4 шілде 13:16
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: Атырауда карантинік шектеулер күшейтілмек

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бірқатар нысандардың жұмысын режиміне шектеулер енгізілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Италияда ковид-сертификаты жоқ тұрғындар жұмысқа жіберілмейді Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл мәселелері таразыланды Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – министрлік

«Сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте оларда орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады. « -делінген қаулыда.

Сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары (оларда орналастырылған бассейндер, сауналар, СПА, массаж, пилинг), сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, «Аshyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін созылады.

«Ashyq» жобасына қосылған нысандарды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салынып отыр.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы 2021 жылғы 5 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жаңа қаулымен қатаң карантин е нгізілген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT