Жаңа қаулы: Атырау облысында қоғамдық көлікте маска тағу режимі сақталады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қоғамдық көлікте маска тағу режимі сақталады. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың бүгінгі қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыға сәйкес, Атырау облысының тұрғындарына 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, COVID-19 коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (жөтел, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) бар адамдар медициналық маскаларды кию режимін сақтау ұсынылып отыр.

«Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қызметтің әрбір түрі үшін бекітілген талаптар мен алгоритмдерді сақтауды, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуды, «Ashyq» мобильді қосымшасын субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде қызметіне шектеу қоймай пайдалануды, отырғызу орындарының саны бойынша салондарды толтыра отырып, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік санын ұлғайтуды қамтамасыз етсін. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын», -делінген құжатта.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасына облыс тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу жүктелген.

Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында соңғы тәуліктерде індеттен қайтыс болғандар тіркелмегенін https://kaz.inform.kz/news/atyrau-oblysynda-songy-taulikterde-indetten-kaytys-bolgandar-tirkelgen-zhok_a3911671 хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар