Жаңа қаулы: Атырау облысында карантин шаралары жеңілдейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантиннің шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ирбатырованың жаңа қаулысында айтылған.

«Ashyq жобасына қатысушы барлық объекті үшін сағат 00:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін», - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына енген нысандар демалыс күндері сағат 00:00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) Ashyq жобасының көшбасшылары түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «сары» аймақтағы Атырау облысында карантин қашан жеңілдейтінін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар