Жаңа қаулы: Әскер қатарына алынғандар шақырылған өңірі бойынша бөлек ұсталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қисяов жаңа қаулы бойынша әскер қатарына шақырылғандарды казармада ұстаудың тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы бойынша Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жеке құрам арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейтін келесідей шараларды сақтау жүктелген.

1) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге келушілерді 14 тәулікке оқшаулауды, олардың шақырылған өңірлері бойынша бөлектеу;

2) әскерге келушілерді орналастыру үшін орындар дайындау;

3) әскерге келушілердің моншаға, кір жуу орындарына, басқа да ортақ пайдаланылатын орындарға кесте бойынша кіріп-шығуын ұйымдастыру, жеке құрамның басқа бөлімдермен басқа байланысты болдырмай, тамақтануды ұйымдастыру;

4) жеке құрам арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін төмендету бойынша алгоритмді сақтау;

5) жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған кезде және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу, сырқаттанушылармен байланыста болғандарға, симптомсыз ауру нысандары бар адамдарды медициналық бақылау.

Құжат 6 қыркүйек күні сағат 0.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.



Соңғы жаңалықтар